« Мұражай » – көне тарих пен бүгінгі дәуір арасындағы алтын көпір
«... Егемен еліміздің мәдени өмірінде
мұражайлардың орны айрықша. Тарихымызды
терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу
Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанға
лайықты азаматтарды тәрбиелеудің басты шарттарының бірі...»
Н.Ә. Назарбаев
«Бар жаңалық негізі – ұмыт болған көнеде» дейді халық даналығы. Мұражай мен тарих етене тығыз байланысты.
Қоғамның өткен өмірін зерделеуде, оның бүгіні мен болашағын айқындауда мұражай қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қандай халықтың, қандай елдің болмасын мәдениет деңгейі мұражай арқылы анықталары хақ. Сондықтан мұражай жұмысы көзге көрінбейтін, қиыны да, қызығы да мол ғажап әлем.
Алғашқы «мұражай» термині Ежелгі Грециядан өз бастауын алады.
МУЗЕЙ, Мұражай ( грекше museion – муза сарайы ) – тарихи – ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, тарихи-ғылыми – танымдық қызмет атқаратын мекеме. Ал біздің қоғамымызда бүгінгі ғылымда қалыптасқан «музей» ұғымы ХVI-XVIII ғасырларда Еуропа елдерінде ашыла бастаған.
1977 жылы өткен Халықаралық музей кеңесінің ІІ-конференциясында халықаралық музелогия комитеті құрылып, 18 мамыр Халықаралық мұражайшылар күні болып белгіленді.
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан бастау алса, 80 жылдық тарихы бар Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде барлық тарихы мен кұнды заттары сақталған «Естелік» мұражайы жұмыс жасайды.
«Естелік» мұражайы алғаш рет өз жұмысын 1988 жылы 31 тамызда бастаған. Мұражайдың ашылу салтанаты мен тұсау кесер рәсімін жасаған колледжіміздің бұрынғы түлегі, Ұлы Отан Соғысының ардагері, бұрынғы техникум оқытушысы А.М. Суховерков болатын.
Мұражайды жабдықтауда Соннов А.Г., Кабалина Л.А., Буркова Л.А., Дамир Қаржауұлы, Маденов Асылбек, Төлеубаева Балдану сынды оқытушылар үлес қосқан. Қазіргі таңда мұражайға жауапты қызметкер –Сапарова Сандуғаш Серікқызы.
Әр-түрлі стендтермен және заттай экспонаттармен жабдықталған мұражайда колледж құрылуының алғашқы жылдары, алғаш дәріс берген оқытушылар: Петр К., Суховерков Л.М., Панасюк Н.И.,Филь И.Н. және кейін зейнеткерлікке шыққан Фелюлин, Николаев Б. тәрізді оқытушылар «Алдыңғы буын ағалар» айдарымен, ал олардың жолын жалғастырушылар Видункина Н.П., Соннов А.Г. Перепелкин К.П. Тищенко С.А. және т.б. оқытушылар «Кейінгі толқын інілер» айдарымен экспозициялары жабдықталған.
«Ауған соғысының батырлары», «Колледж басшылары», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», Колледждің 75 жылдық мерейтойына байланысты стендтермен, колледж түлектерінің естеліктері, естелік фотосуреттерімен, «Ешкім де ұмытылған жоқ, ештеңе де ұмытылмайды » айдарымен ҰОС кезіндегі колледж өмірінен сыр шертер стендтеріміздің де кейінгі ұрпаққа берері мол.
Сонымен қатар мұражай қоры «Колледж макеті», «Колледж тынысы», «Сүйікті қалам - Ақтөбе», «Ардагерлер тақтасы», колледждің жетістік грамоталары және кубоктары сияқты экспонаттар және стендтермен толықтырылуда. Алғашқы жылдардан бастап колледжімізде білім алған шәкірттеріміздің арасында еңбегімен елге танымал болған жазушыларымызды, ақындарымызды, ғылымдағы әріптестерімізді, «Құрметті теміржолшыларымызды» мақтан етеміз және олардың құнды еңбектерімен, құрмет грамоталары, естеліктері де сақтаулы.
Ең құнды дерек ретінде ең алғашқы студенттік билеттер, сынақ кітапшалары, түлектеріміздің фотосуреттері, дипломдары және комсомолдық билеттері саналады. Мұражай қорында 500-ден астам экспонат бар. Құрылғаннан бастап күні бүгінге дейін толықтырылып отыратын мол қорының қазіргі оқушы, ертеңгі маманға колледж тарихынан мол сыр шертер «Естелік». Бүгінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері мұражайға экскурсия жасап, колледж тарихымен танысып отырады.
Мұражайдағы әрбір зат, әрбір мүлік өз заманының тыныс-тіршілігін баяндайды. Мұражай көнеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, тарихымызды танытатын мәдениет ошағы.
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің
мұражай экспозициясында сақталған экспонаттар
1973-1976 жылдар аралығындағы теміржол техникумының түлектері
1934 жылғы техникум түлектері
Техникум басшысы Л.В. Юсиков
Диплом
А.А. Беркимбаев 1964 жыл
И.С. Алистаевтың сынақ кітапшасы 1938 жыл
Техникум басшысы П.Б. Платонов
Алғашқы И.С. Алистаевтың студенттік билеті 1938 жыл
Техникум басшысы П.Б. Платонов
СССР-ге 50 жыл медальі (көшірме)
И.С. Алистаевтың емтихан парағы
1938 жыл, 15 тамыз
Техникум басшысы П.Б. Платонов
Ақтөбе қаласына 100 жыл медальі
(көшірме)
Францев Константин Вениалиновичтің комсомолдық билет
А.А. Волковтың куәлігі 1957 жыл 30 қазан
Кулмышев Бақытжанның еңбек ардагері куәлігі
1984 жыл
Ақтөбе теміржол көлігі колледжіне 70 жыл |
Әлия-батыр қызы сен халқымның........ |
![]() |
![]() |
Ғалымжан Байдербестен мұражайға естелік кітаптар |
Ғалымжан Байдербестен |
Тасымалды ұйымдастыру және |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Мұражай қорындағы естелік кітаптар |
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің макеті
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мұражайындағы жетістіктер
![]() |
![]() |
Copyright © 2012-2016 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий