Ельховиков Б.М. 1932 жылы Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Юсиков Леонид Васильевич
1932 - 1935 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
ЧерниковВ.И.
1935 - 1936 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Фролов Феодор Андреевич 1936 - 1937 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Карлов С.Н. 1938 - 1939 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Платонов Павел Ефимович 1939 - 1945 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
Завьялов Александр Михайлович 1946 – 1950 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Грачёв Фома Иванович 1950 - 1951 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
Нефедьев Илья Иванович 1951 – 1953 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Сахаров Сергей Васильевич 1953 – 1955 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Попов Александр Кириллович 1955 – 1957 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы
|
 |
Панов Михаил Матвеевич
Родился 29 октября 1926 года в Тамбовской области , Пичаевском районе, селе Большой – Ломовисс . 1939 – 1941 гг. в г. Ақтобе закончил школу №1 . 1941 – 1945 гг. в г. Ақтобе закончил железнодорожный эксплуатационный техникум по специальности «Путеец- техник». 1941-1948 гг. в г. работал инженером в Оренбургской области, г.Орск на Оренбургской железной дороге в Орской дистанции пути . 1948-1952 гг. на Оренбургской железной дороге главным инженером Орской дистанции пути. 1952-1955 гг. в г. Днепропетровске закончил , Днепропетровский Университет по специальности «Путь и путевое хозяйство», квалификации «инженер-путеец». 1955-1956 гг. в г. Оренбургской железной дороге по комсомольской линии работал в Орском политехническом отделе, помощником начальника. 1956-1957 гг. работал в г. Ақтобе, преподавателем спец.дисциплин в Актюбинском эксплуатационном техникуме. 1957-1977 гг. работал директором в Актюбинском эксплуатационном железнодорожном техникуме. Достижения в период трудовой деятельности: • 1955-1956 гг. в г. Орске , член Орского Горкома ВЛКСМ; • 1961-1965 гг. в г. Ақтобе, член Ақтюбинского Горкома КП ; • 1962-1964 гг. в г. Ақтобе депутат Горсовета; • 1967 году награжден медалью «За доблестный труд» приказом Председателя Верховного Совета Казахской ССР; • 1969году награжден почетной грамотой приказом Председателя Верховного Совета Казахской ССР; • 1970году за доблестный труд награжден медалью посвященной 100 летию В.И. Ленина приказом Председателя Верховного Совета Казахской ССР; Воинское звание : старший лейтенант
1926 жылы 29 қазанда Тамбовск облысы, Пичаевск ауданы, Большой – Ломовисс ауылында дүниеге келген. 1939 – 1941 жылдары Ақтөбе қаласындағы №1 мектепті оқып бітірген. 1941 – 1945 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында оқып, «Жол - технигі» мамандығын алған. 1941-1948 жылдары Оренбург облысы, Орск қаласындағы Оренбург темір жолына қарасты Орск жол дистанциясында инженер. 1948-1952 жылдары Оренбург темір жолына қарасты Орск жол дистанциясында аға инженер. 1952-1955 жылдары Днепропетровск қаласы, Днепропетровск Университетінің «Құрылыс» бөліміне түсіп, «Жол және жол шаруашылығының құрылыс инженері» мамандығын алған. 1955-1956 жылдары Оренбург темір жолына қарасты Орск полетехникалық бөлімінің комсомол жұмысы бойынша басшы көмекшісі. 1956-1957 жылдары Ақтөбе қаласы, Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында арнайы пән оқытушысы. 1957-1977 жылдар аралығында Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында басшылық қызметін атқарған. 1977 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында оқытушы болып жұмыс жасаған. Қызмет атқарған уақыттарында: • 1955-1956 жылдар аралығында Орск қаласы, Орск ВЛКСМ Горкомында бюро мүшесі; • 1961-1965 жылдары Ақтөбе қаласы, Ақтөбе КП Горкомында Горком мүшесі; • 1962-1964 жылдары Ақтөбе Горсоветінде депутат; • 1967 жылы Қазақ СССР Жоғары Советінің Төралқа жарлығымен «Еңбек үздігі» медальімен марапатталған; • 1969 жылы Қазақ ССР Жоғары Советі Төралқасының мадақтау қазымен марапатталған; • 1970 жылы Қажырлы еңбегі үшін Қазақ СССР Жоғары Советі Төралқасының жарлығымен В.И.Лениннің 100 жылдық мерейтойы медальімен марапатталған. Білімі: Жоғары. Әскери шені: Аға лейтенант. 1957-1977 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының басшысы қызметін атқарған.
|
 |
Буденёв Геннадий Дмитриевич
1941 жылы 17 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауылында дүниеге келген. 1958-1960 жылдары Түркістан ЖУ-5 стансасында білім алған. 1960-1968 жылдары Ақтөбе стансасында СЦБ электромеханик. 1965-1971 жылдары Ташкент темір жол инженерлік институтының «Автоматика және телемеханика» бөлімін сырттай бітірген. Мамандығы: «инженер-эликтрик». 1968-1973 жылдары Ақтөбе қаласындағы ГПТУ-50 «Ж»-да оқытушы. 1973-1977 жылдары Ақтөбе қаласындағы ГПТУ-173 басшылық қызмет атқарған. Қызмет атқарған уақыттарыңда: • 1974 жылы Румыния; • Болгария; • Югославия сынды елдерде туристік сапарларда болған. Білімі: Жоғары. 1977-1984 жылдар аралығында Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында басшылық қызмет атқарған.
|
 |
Горобченко Николай Матвеевич
1929 жылы 11 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақмола ауданы,Таганрог селосында дүниеге келген. 1945 жылы Булунчурск ауданындағы А.С.Пушкин атындағы мектепті оқып бітірген. 1945-1949 жылдары Самарқанд темір жол техникумының «Жүк қозғалысы» бөлімінде оқыған. Мамандығы: «Жүк қозғалысының технигі». 1949-1951 жылдары №68 Ташкент темір жолы разъездінде кезекші. 1951-1952 жылдары №68 Ташкент темір жолында разъезд басшысы. 1952-1957 жылдары Ташкент темір жол көлік инженерлік институтына түсіп, «жол байланысы және жол пайдалану инженері» мамандығын алған. 1957 жылы Оренбург темір жолына қарасты Ақтөбе темір жол стансасында тауар кассирі. 1957-1958 жылдары Оренбург темір жолына қарасты Ақтөбе темір жол жүк стансасында меңгеруші. 1958-1961 жылдары Ақтөбе стансасының жүк тасымалында басшы орынбасары. 1961-1964 жылдары Ембі темір жолында станса басшысы. 1964-1965 жылдары Ақтөбе темір жол стансасының техникалық бөлімінде басшы орынбасары қызметін атқарған. 1965-1972 жылдары Ақтөбе темір жол стансасында басшы. 1972-1974 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумының «Темір жолды пайдалану » бөлімінде меңгеруші. 1974 жылы Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында басшының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қызмет атқарған уақыттарында: • 1962-1964 жылдары Қандыағаш ауданында Совет депутаты; • 1968-1972 жылдары қалалық халық Советінде депутат; • 1970 жылы қажырлы да ұзақ жылғы еңбегі үшін В.И.Лениннің 100 жылдық туған күніне байланысты мақтау қағазымен марапатталған. Білімі: Жоғары. Әскери шені: Капитан. 1984-1992 жылдар аралығында Ақтөбе темір жол пайдалану техникумында басшы қызметін атқарған.
|
 |
Жуминов Бөлекбай Зекешевич 1947 жылы 26 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. 1963-1967 жылдары Ақтөбе темір жол пайдалану техникумын оқып бітірген. Мамандығы: «Құрылыс және жол шаруашылығын пайдалану». 1966 жылы Шалқардағы 5-ші жол дистанциясында жол жұмысшысы. 1967-1968 жылдары 50-ші жол дистанциясында ІІІ, ІV разърядты жол жұмысшысы. 1968 жылы Никельтау стансасының 55-ші жол дистанциясында жол бригадирі. 1968-1970 жылдары Волгоград қаласында әскер қатарында болған. 1970-1971 жылдары 55-ші Никельтау жол дистанциясында көпір мастері. 1971-1974 жылдары Ақтөбе қаласындағы хром қоспалары зауытының теміржол цехінде техник - диспетчер. 1971-1979 жылдары Ташкент темір жол инженерлік институтының «Құрылыс және жол шаруашылығы» бөліміне түсіп, «Құрылыс және жол қатынасының инженері» мамандығын алған. 1974-1977 жылдары Хром қоспалары зауытында жол мастері. 1977-1979 жылдары Батыс Қазақстан темір жолында бас инженер. 1979-1980 жылдары Батыс Қазақстан темір жолының күрделі жөндеу бөлімінде басшы орынбасары. 1980-1981 жылдары Ақтөбедегі 8-ші жол дистанциясында басшы. 1981-1983 жылдары Ақтөбе «Казахжелдорпроект» тобының жол бөлімінде басқарушы. 1983-1984 жылдары Алматыдағы «Жол және жол шаруашылығы зертханасында» кафедра меңгеруші. 1984-1987 жылдары Алматы темір жол институтының «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасында бөлім басшысының көмекшісі. 1987-1989 жылдары ДКТБ ЗКЗХ жол мекемесінің техникалық бөлімінде басшы. 1989 жылы ДКТБ жол шаруашылығы бөлімінде басшы. 1989-1991 жылдары Батыс Қазақстан темір жолында басшының орындаушылық қызметін атқарған. 1991-1992 жылдары ДКТБ Батыс Қазақстан темір жолында бас инженер. Білімі: Жоғары. Әскери шені: Сержант. Ғылыми дәрежесі: Профессор. 1992-2003 жылдар аралығында Ақтөбе темір жол көлігі колледжінде басшы қызметін атқарған.
|
 |
Тышханбаев Сабидулла Әбілұлы 1947 жылы 10 шілдеде Ресейдің Астрахан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын орта мектеп басшысының орынбасары және мектеп басшысы қызметінен бастаған. 15 жыл уақыт бойы аудандық, қалалық, облыстық партия ұйымдарында жауапты қызметтер атқарған. 1999-2003 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы №1-ші кәсіптік-лицейдің басшысы. 2003-2009 жылдар аралығында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің басшысы. Еңбек жолында Тышханбаев Сабидулла Әбілұлы Ы.Алтынсарин атындағы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медальімен марапатталған. Қызмет атқарған уақыттарында: • Облыстық білім басқармасының бастығы А.Құдайбергеновтың құрмет грамотасымен; • Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы К.Исмайлованың алғыс хатымен; • Ақтөбе қаласының әкімі Серік Нокиннің алғыс хатымен; • Ақтөбе облыстық білім департаментінің директоры Қ.Алдияровтың алғыс хатымен; • Вице-министр К.Шәмшиденованың құрмет грамотасымен; • Ақтөбе қалалық «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байдербестің алғыс хатымен; • Облыстық ІІБ бастығы М.Мүкеновтың құрмет грамотасымен; • Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Р.С.Ыбраеваның мақтау қағазымен; • 2005 жылы Ақтөбе қаласының әкімі Абай Садықовтың алғыс хаттарымен марапатталған. 2004 жылы профессор атағына ие болған. 2007 жылы 30 маусымдағы педагогикалық кеңестің мақұлдауымен «Құрметті теміржолшы» белгісі берілген. 2010 жылы құрметті демалысқа шыққан.
|
 |
Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы
1965 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1982-1987 жылдары Алматы теміржол көлігінің инженерлер институтын бітірген. Мамандығы: «Тасымал жүйесін басқару инженері» 1987-1990 жылдары «Автоматты басқару жүйесі» (АСУ) Алматы – 2 стансасында оператор ВЦ болып жұмыс жасаған. 1991-1997 жылдар аралығында Мақат стансасында станса операторы, тауар кеңсесінде, техникалық кеңседе, станса кезекшісі, кадр бөлімінің кадр инспекторы болып жұмыс атқарған. 1997-1999 жылдары Ақтөбе темір жол көлігі колледжінде арнайы пән оқытушысы. 1999-2007 жылдары Ақтөбе қаласы, М.Тынышбаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникация академиясында арнайы пәннен аға оқытушы. 2007-2009 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының доценті болған. Қызмет атқарған уақыттарында : • М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының мақтау қағазымен; • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің алғыс хатымен; • Ақтөбе облыстық автокөлік жолдары Департаментінің алғыс хатымен; • Облыс әкімінің мақтау қағазымен; • Көлік және коммуникация Министрлігінің сертификатымен; • ҚР Президентінің алғыс хатымен; • Облыс әкімі Е.Сағындықовтың сертификатымен; • Министр Ә.Құсайновтың алғыс хатымен марапатталған. Білімі: Жоғары. Санаты: Жоғары дәрежелі. Ғылыми дәрежесі: Ақтөбе облысының маслихат депутаты, Техника ғылымдарының кандидаты. Ғылыми жұмысы: «Темір жол стансаларындағы техникалық экономикалық өлшемдерді тиімдендіру» (Қазақстан стансалары негізінде). 2009 жылдан бастап Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің басшысы.
|